Воспитательная работа  Спортивные достижения  Новости

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ «Туған жерім — Қызылжар» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізу туралы ақпарат

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ 28 қараша күні Қызылжар қаласының шығармашылық адамдарының қатысуымен «Туған жерім — Қызылжар» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті.

«Туған жерім — Қызылжар»

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен „Туған жер“ бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, „Туған елге“ ұласады. Мәселен, „Ауылым — әнім“ атты әнді айтқанда, „Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін“ деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл — мағынасы өте терең сөздер» — деп Елбасы айтқан болатын. Сондай-ақ өз еліне, жеріне деген махаббатын жүректен шыққан әнімен жеткізетін шығармашылық адамдары бүгін бізге қонаққа келді.

Әдеби-шығармашылық кештің қонақтары болған: ақын, музыкант, орындаушылар: Денисенко Виктор Николаевич, Ілиясов Балдырған Қамбарұлы, Яна Богова, Чернышова Раиса Павловна, Трисеев Юрий, Коваленко Светлана.

Ақындық өнер — бір жылдық жеміс емес. Ол ғасырды ғасырға жалғайтын ұлтымыздың құнды мұраларының бірі. Ақын өткенді еске ала отырып, болашақты болжайтын, сауатты, жаны нәзік, талғамы биік, көрген нәрседен тез әсер алғыш жан. Біздің балалар үйінде де ақындық өнерді жанына серік етіп, поэзияны сүйіп оқитын, өз ойын өлеңдерімен өрнектеп жүрген жас таланттар аз емес.

М. Шаханов: «Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек», дегендей әр оқушы өзінше бір әлем.

Қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтің өлеңімен кешті Скакунова Дарья ашты.

Владимир Трусовтың «Қызылжар өңірі» туралы өлеңін Чеботарёв Леонид нақышына келтіріп оқып, жұртшылықтың ризашылығын алды.

Өңіріміздің бай, сұлу табиғаты кімді болса да таң қалдырары сөзсіз. Осындай тамаша табиғатты суреттеген

Василий Петрович Манзяның «Симптомы ностальгии» өлеңін кітапханашы Кравцова Оксана Александровна оқыды.

Ақын Виктор Николаевич Денисенконың «Маленькая Родина» өлеңін тәрбиеленушіміз Шапошник Марина, ал «Астана» әнін Балалар үйінің түлегі, қазіргі уақытта «Жылы үйімізде» музыка жетекшісі болып қызмет атқарып жүрген Жакупов Димаш орындады.

Кештің қонағы «Баларман» бала-бақшасының директоры Ілиясов Балдырған Қамбарұлы өзінің қаламынан шыққан өлеңдерінің бірін оқып беріп, көпшіліктің ризашылығын алды. Өзінің ән-жырларын анасына, туған-туысқандарына, достарына, сонымен қатар туған жеріне, еліне арнағанын айтып өтті. Ақынның «Менің қалам-Қызылжар» атты өлеңін біздің түлегіміз Калашникова Галина, ал «Анашым» әнін № 9 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қожабекова Айгүль Серікқызы орындады.

Кештің тағы бір қонағы, балалардың денсаулығын жақсарту үшін өз үлесін қосып жүрген, әнші Богова Яна өзінің авторлық әндерімен қонақтардың жүректерінен орын таба білді.

Тәрбиеші Чернышова Раиса Павловнаның өлеңдері «Жылы үйіміздің» 10-жылдық мерейтойына арналған әндер жинағына енген болатын.

Бала жүрегіндегі өлең жолдары бір жинақ болып шықты, олар: Антонов Андрей, Григорьева Вера, Белов Илья және көптеген балалар жетекшілері Майер Людмила Александровнамен бірге әртүрлі тақырыпта әндер жазып, өмірді, қоршаған ортаны бейнелеген жыр шуақтарын жазған болатын.

Кеште Антонов Андрейдің сөзіне, Виктор Николаевич Денисенконың музыкасына жазылған «Прошу Вас» әнінің шымылдығы композитор, аранжировщик, ақын Юрий Трисеевтің орындауында ашылды.

Мектебіміздің түлегі Вера Григорьеваның әдемі 6 өлеңіне Денисенко Виктор Николаевич әнін жазған болатын, сол әндер қазіргі уақытта орындалып жүр. «Загляни мне в душу ненароком» әнін лауреат, көптеген Республикалық конкурстардың лауреаты Коваленко Светлана орындап жүр.

Елбасымыз: «Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы» — деп айтқан болатын. Ендеше осындай елдің болашағы үшін жаны ашитын, білімді, тәрбиелі ұрпағымыз көп болсын дегім келеді. Елбасына арнаған Вера Григорьеваның өлеңдерін Шагвалиев Владислав орындады.

Әдеби-шығармашылық кештің қонақтары жақсы көңіл-күйде, жақсы дем алып, алғыстарын айтып, тілектерін білдірді. Осындай кештер әлі де «Жылы үйімізде» өз жалғасын табады деген ойдамыз.

«Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»  «Туған жерім — Қызылжар»