Воспитательная работа  Спортивные достижения  Новости

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ 2018 жылғы 19–22 сәуір аралығында «Қызылжар – 2018» V аймақтық спорт фестивалін өткізу туралы ақпарат

III международный конкурс для педагогов и воспитателей «Публикация бесплатно»

Международный конкурс для педагогов «Публикация бесплатно»

Приглашаем педагогов и воспитателей принять участие в международном конкурсе «Публикация бесплатно», приуроченном Дню учителя. Прием заявок участников осуществляется с 1 по 31 октября 2018 г. Победители и призеры конкурса получат возможность бесплатно опубликовать свои материалы (от 1 до 5 публикаций) на международном образовательном портале «Азбука.kz». Участники конкурса (за исключением призеров и победителей) получат сертификат на скидку 10-20%. Сертификат действителен до 31 декабря 2018 года.

Подробнее смотрите на сайте www.азбука.kz


II международный творческий конкурс «Золотая осень»

Приглашаем принять участие в международном творческом конкурсе  «Золотая осень». Прием конкурсных работ осуществляется с 1 по 31 октября 2018 года. Победители и призеры конкурса в качестве итогового документа получают именной Диплом. Участники — именной сертификат «За участие».

Международный творческий конкурс «Золотая осень»

Подробнее смотрите на сайте www.азбука.kz

 

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ Білім басқармасының басшысы Кәрімова Гүлмира Райынбекқызының қолдауымен бесінші жыл қатарынан спорттық фестиваль өткізілді. Оған біздің тәрбиеленушілер, Рудный, Есіл және Алға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ 2018 жылғы 19 – 22 сәуір аралығында «Қызылжар-2018» V аймақтық спорт фестивалін өткізу ту

«Қызылжар-2018» V аймақтық спорт фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен өткізілді.

 Саламатты өмір салтын қолдап, жастарымыздың жігерлі, мықты, білекті, спортқа бейім болып өсуі үшін жан-жақты тәлім-тәрбие берілуде. Осындай жарыстардың өткізілуі де соған дәлел.

Осы фестивальді өткізуге ат салысқандардың бірі - Коваль Павел Николаевич – Рудный балалар үйінің директоры, Республикалық директорлар Кеңесінің мүшесі. Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны өсуде.

Екі күн балалар әртүрлі жарыс түрлерінен бақтарын сынады.

Бұл мерекеге балалар үйінің қызметкерлері де балалар да аса жауапкершілікпен дайындалды. Қонақтарды А. Винокуров атындағы спорт сарайында,  №1 боулинг кешенінде, Абылай хан Резиденциясында және басқа да көптеген орындарда қызықты бағдарламалар күтіп тұрған болатын. 

Фестиваль салтанатты ашылудан басталды. Барлық қатысушыларды «Жылы үйіміздің» директоры Какпенов Ризабек Жазитұлы құттықтап оларға жарыста сәттілік тіледі.

Қонақтарды өз өнерлерімен Республикаға танымал «Курс» дуэті,  «Экспромт» халық биі, қазақстандық эстраданың жұлдыздары сусындатты. Сонымен қатар Яна Богова және көптеген талантты солтүстік қазақстандықтар  өз өнерлерін көрсетті.

«Олимп» ойын-сауық орталығында биьярдтан жарыс өтті. «Кристалл» ойын-сауық орталығында балалар үйлерінің басшыларына арналған жарыс өтті. Әр команда өздерінің бәсекелестерімен бақ сынасты. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңімпаздар анықтала бастады. Петропавл қаласының балалар үйі командасы баскетболдан бірінші, үстел теннисінен – екінші, бильярдтан – үшінші орынды иеленді.  Рудный балалар үйінің командасы баскетболдан – екінші,  теннис пен бильярдтан – бірінші орынды иеленсе,  Есіл балалар үйінің командасы бильярдтан – екінші, Алға балалар үйінің командасы баскетбол мен теннистен – үшінші орынды иеленді. 

Жеке жетістіктері бойынша да ерекшеленгендер болды.

  «Спорт түрінен ең үздік» номинациясы бойынша:

Баскетбол:

«Лучший центровой» - Лебедев Николай (Петропавл қаласының балалар үйі)

«Лучший нападающий» - Ломовцев Анатолий (Рудный қаласының балалар үйі)

«Лучший защитник» - Шандер Леонид ( Есіл қаласының балалар үйі)

«Лучший по трёх очковым броскам» - Савельев Олег (Петропавл қаласының балалар үйі)

«Лучший по двух очковым броскам» - Сильченко Олег (Алға балалар үйінің командасы)

Теннис:

«Лучший теннисист» -Рудык Дмитрий (Рудный қаласының балалар үйі)

«Первая ракетка» - Горбачёва Анастасия (Петропавл қаласының балалар үйі)

 Бильярд:

«Лучший бильярдист» – Дуйсенов Султан (Рудный қаласының балалар үйі)

«Лучший бильярдистка»-Кузнецова Валерия (Рудный қаласының балалар үйі)

Балалар «№1 Боулинг» ойын-сауық орталығында жақсы көңіл көтерумен бірге жарысқа да қатысып, қарсыластарымен бақ сынасты. 

Жарыс өткен күндері балалар өздеріне достар тауып, концерттік бағдарлама көріп, жақсы демалып қайтты.

Фестивальдің жабылу салтанаты өтіп, қатысушылар марапатталып, естелікке  сыйлықтар табысталды. 

Барлық қонақтарға естелікке біздің тәрбиеленушілеріміздің қолдарымен жасалған сыйлықтар табысталды.

Облыстық балалар-жасөспірімдер орталығының өнерпаздары өздерінің өнерлерімен қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Осы фестивальді өткізуге ат салысып, көмектерін көрсетіп, қолдау білдірген ұйымдарға алғысымызды білдіргіміз келеді.

Олар: «Титансевер» ЖШС,  «Сұлтан кондитерлік өнімдері» АҚ,  РК «Боулинг №1»  және басқалар.

Осындай жарыстардың арқасында спортшыларымыз өз күштерін сынап, шыңдалады, ендеше алдағы уақытта осы балаларымыздың өмірлері жақсы, болашақтары жарқын болып, өмірде өз орындарын дұрыс таба білсе екен дейміз!

«Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018» «Кызылжар – 2018»