Воспитательная работа  Спортивные достижения  Новости

Петропавл қ. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» КММ 2016 жылғы 14-16 сәуір аралығында «Қызылжар — 2016» III аймақтық спорт фестивалін өткізу туралы ақпарат

 

СҚО Білім басқармасының басшысы Шолпан Таңатқызы Каринованың қолдауымен «Қызылжар — 2016» III аймақтық спорт фестивалін өткізген болатынбыз, онда біздің мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, Рудный және Есіл балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысқан болатын. Биыл спорт сүйер қауымды балалар үйі тағы қарсы алды.

«Кызылжар — 2016»
Фотогалерея

«Қызылжар — 2016» III аймақтық спорт фестивалі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында өткізілді.

Қазақстанның әр азаматының арманы — өз Отанын ең дамыған елдердің қатарынан көру. Осыған қол жеткізу үшін аянбай тер төгуіміз керек. Тек бірліктің, татулықтың, ынтымақтың арқасында оған қол жеткізе аламыз.

Осы фестивальді өткізуге өз үлесін қосқандар: Коваль Павел Николаевич —
Рудный қаласындағы балалар үйінің директоры, № 2 Есіл балалар үйінің директоры — Молдахметов Мереке Рахымбекұлы, Республикалық директорлар кеңесінің мүшелері. Жылдан жылға жарысқа қатысушылар саны арта түскені қуантады.

Алдағы екі күнде балаларды әртүрлі жарыстар, қызықты тартыстар күтіп тұрды.

Осы мерекеге балалар үйінің тәрбиеленушілері мен бірге үлкендер де жоғары дайындықпен ат салысты. Қызықты бағдарлама, қонақтарды қарсы алу, қалаға саяхат, А. Винокуров атындағы спорт сарайына, «Қызылжар оранжереясына» бару, № 1 боулинг ойын-сауық орталығына бару қызықты өтті.

Фестиваль салтанатты ашылудан басталды. Барлық қатысушыларды мектеп-интернаттың директоры Какпенов Ризабек Жазитұлы қарсы алып, спортшыларға сәттілік, жоғары жетістіктер тіледі. Біздің тәрбиеленушілер қонақтарға концерттік бағдарлама дайындады. Барлық қатысушыларға әдемі сый болған «LaScala» дуэті, Петропавл өнер колледжінің скрипкашылары, Жакупов Димаштың әдемі әні болатын.

Ерекше әсер берген бильярдтан жарыс болатын, ол «Арарат» ойын-сауық орталығында өтті. Онда балалар мен бірге ересектер де, балалар үйінің жетекшілері де жарысқа қатысты. Жарыстың бірінші күні жеңімпаздар анықтала бастады. Петропавл қаласы облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері баскетболдан, үстел теннисінен бірінші, бильярдтан — үшінші орындарға ие болды. Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері баскетболдан, теннистен екінші, ал бильярдтан — бірінші орынды иеленді. Есілдіктер баскетбол мен теннистен үшінші орынды, бильярдтан — екінші орынды иеленді. Спорттағы жеке жетістіктері үшін, «Спорт түрлерінің үздігі» номинациясы бойынша:

Баскетбол: ұлдар — Беспалов Евгений (Есіл балалар үйі)
қыздар — Конюшко Анастасия (Петропавл қ.)

Теннис: ұлдар Гольцвард Влад (Рудный балалар үйі)
қыздар Горбачева Анастасия (Петропавл қ.)

Бильярд: ұлдар — Дүйсенов Сұлтан (Рудный балалар үйі)
Қыздар — Коваль Дарья (Рудный балалар үйі)

№ 1 боулинг ойын-сауық орталығындағы жарыс балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Кейбір балалардың боулингке алғаш рет келуі екен. Әр бала өзіне жақсы әсер алды деген үміттеміз. Олар өздеріне жаңа дос тауып, сырларымен бөлісті.

Фестивальдің жабылуы салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды.

Жеңімпаздарға медальдар, грамоталар, кубоктар, сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар қонақтарға тәрбиеленушілер өздері қолдан жасаған сыйлықтарын естелікке сыйлады.

Қорытындылай келе Рудный балалар үйінің директоры Коваль Павел Николаевичтің 2014 жылы айтқан сөзі еске түседі, ол осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрса және дәстүрге айналса деген болатын еді. «Қызылжар — 2016»
III аймақтық спорт фестивалі биыл да жоғары дәрежеде өтті деп айта аламыз.

Осы фестивальді өткізуге мұрындық болғандар: білім беру қызметкерлерінің, «Титансевер» ЖШС, «Чукавин» ЖК, «Сұлтан кондитерлік өнімдері» АҚ, № 1 «Боулинг» ойын-сауық орталығы, «Арарат» ойын-сауық орталығы және т. б.

Осындай жарыстарда балалар шынығады, бір-бірімен танысып, жетістіктерімен бөліседі, шеберліктерін шыңдайды. Олай болса ашық аспан астында жақсы жетістіктерге қол жеткізе берсін дегіміз келеді.
Балалардың болашақтары жарқын болсын!

Директор Р. Какпенов

Категория: