Воспитательная работа  Спортивные достижения  Новости

Петропавл қ. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» КММ Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан балалары — Нұрлы жолмен» мерекесі өткізу туралы ақпарат

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында Елбасы Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланған болатын. Елбасының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған 1 наурыз күнін барлық ұлттардың бір-біріне және кезінде елімізге қоныс аударған халықтарға қайырымдылық танытып, жақыны ретінде қабылдаған қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өту орынды. Осындай бір жақсы дәстүр қазақстандықтарды жақындастыра түсіп, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің жарқын мерекелеріне айналуы мүмкін.

«Қазақстан балалары — Нұрлы жолмен»
Фотогалерея

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық жылында Ұлттық күнтізбемізде осы мерекенің пайда болуының мағынасы терең. Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз.

Алғыс айту күні — Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы — Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Осы мерекеге «Жылы үйіміздің» тәрбиеленушілері мұқият дайындалған болатын. әр жанұя сүйіспеншілікпен қолөнерлерін, сыйлықтарын, ашықхаттар даярлады. Мектеп-интернаттың бірінші қабатында көрме ұйымдастырылды. Онда балалардың, қызметкерлердің қолөнер жұмыстары қойылды. Сонымен қатар оқушылардың да осы оқу жылында қол жеткізген оқу жетістіктері туралы көрме дайындалды. Осы күні асхана, акт залы мерекеге сай безендірілді.

Мерекені әдемі қазақ биі ашты. Балаларды мерекемен құттықтау үшін СҚО Білім басқармасының басшысы Каринова Шолпан Таңатқызы келіп, өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар мектеп-интернаттың директоры Какпенов Ризабек Жазитұлы, «Дария базары» ЖШС директоры Шакирова Роза Хафизовна, «Кентрон» армян орталығының төрағасы Геворк Геворкян Варданович балаларды құттықтады. Олар балаларға денсаулық, қуаныш, жақсылық тілеп өздерінің арнайы әкелген сыйлықтарын тапсырды. Балалар сыйлыққа компьютерлер және принтерлер алды.

Балалар өздерінің тараптарынан да Елбасына, қонақтарға алғыстарын әнмен, бимен, жүректен шыққан шынайы тілектерімен жеткізе білді.

«Жылы үйіміздің» тәрбиеленушілері атынан жоғары сынып оқушылары мұғалімдерге, тәрбиеленушілерге алғыстарын білдірді.

Акт залындағы мереке 11 сынып оқушыларының «Таланттар гүл шоғын» құруымен аяқталды. Олар өздерінің оқудағы, спорттағы, поэзиядағы жетістіктері туралы айтып, оларға қол ұшын берген адамдарға алғыстарын білдірді. Нехведович Юлиана Елбасына бақытты балалақ шақ сыйлағаны үшін, өзінің армандаған кәсібін таңдай алуға мүмкіндік сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

Бүгінгі күні біздің мектеп-интернатымыздың 18 түлегі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алуда.

Лушникова Елена Астана қ.медицина академиясында, Кондратьева Ольга Қарағанды қ. медицина академиясында, сонымен қатар Санкт-Петербург және Омбы қалаларының жоғары оқу орындарында білім алуда.

38 түлегіміз облысымыздың колледждерінде білім алуда. Калашникова Галина ұлты орыс болса да, мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Ол республикалық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарды жеңіп алды. Болашақта қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болуды армандайды. Ильясова Милана жастарды соның ішінде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп жатқаны үшін облыс басшыларына өз алғысын білдірді. Соңғы 2 жылдың ішінде ғана 16 түлек пәтер, бесеуі жатақханадан бөлме кілтін алды. Иванов Александр спортпен шұғылданады. Баскетболдан екі дүркін республика чемпионы, спорт шеберлігіне кандидат, спорттың өртке қарсы түрінен чемпион. Болашақта темір жол колледжіне түсуді армандайды, спорт түрін жалғастырамын дейді. Бегиман Алмагүл шахматтан қалалық, облыстық жарыстардан төрт дүркін жеңімпаз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының чемпионы болып табылады. Арманы жоғары білім алу. Ал Белов Ильяның сүйіп оқитын пәні география болып табылады. Осы жылы ол облыстық олимпиадада 3 орын алса, «Журналистика» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Балалар үйінде ол өзінің өлеңдерін жазуды бастады. Оның «За мечтой», «Солнце внутри» өлеңдер жинағы жарық көрді. Вера Григорьева орыс тілі пәні бойынша үш жыл бойы облыстық олимпиадаға қатысты. 10 сыныпта −2 орын, 9 және 11 сыныптарда 1 орынды жеңіп алды. «Жарқын болашақ» конкурсында жүлделі орынға ие болды.

Өздерінің өлең жинақтарын Илья мен Вера Шолпан Таңатқызына сыйлады.
Біздің талантты да жарқын балаларымыз ертеңгі күні еліміздің болашағын қалайтын жастар болатынына сеніміміз мол.