Воспитательная работа  Спортивные достижения  Новости

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат

III международный конкурс для педагогов и воспитателей «Публикация бесплатно»

Международный конкурс для педагогов «Публикация бесплатно»

Приглашаем педагогов и воспитателей принять участие в международном конкурсе «Публикация бесплатно», приуроченном Дню учителя. Прием заявок участников осуществляется с 1 по 31 октября 2018 г. Победители и призеры конкурса получат возможность бесплатно опубликовать свои материалы (от 1 до 5 публикаций) на международном образовательном портале «Азбука.kz». Участники конкурса (за исключением призеров и победителей) получат сертификат на скидку 10-20%. Сертификат действителен до 31 декабря 2018 года.

Подробнее смотрите на сайте www.азбука.kz


II международный творческий конкурс «Золотая осень»

Приглашаем принять участие в международном творческом конкурсе  «Золотая осень». Прием конкурсных работ осуществляется с 1 по 31 октября 2018 года. Победители и призеры конкурса в качестве итогового документа получают именной Диплом. Участники — именной сертификат «За участие».

Международный творческий конкурс «Золотая осень»

Подробнее смотрите на сайте www.азбука.kz

 

Балалар үйінде тәрбие жұмысының жоспарына және көктемгі демалыс жоспарына сәйкес 21 наурыздан 1 сәуірге дейін келесі іс-шаралар өткізілді.

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат

Наурыз — қазақ халқы үшін ежелден-ақ, береке-бірліктің, ел жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Біз 21 наурызда Орталық алаңда «Достық дастарханын» жаюға ат салыстық. Барлық қатысушылар қазақтың ұлттық нақышымен безендірілген киімін киіп, мерекенің сәнін келтіре түсті. Алаңда қолөнер бұйымдары, әр ұлт өкілдерінің тағамдары мерекеге келушілерді таң қалдырды.

Мерекеге келген қалалықтарды Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы — Наурыз көжемен, қазақтың қасиетті қымызымен, ән-шашумен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын.

Наурыз мейрамы өмірді оятып, адамдарға жаңа үміт әкеледі, Қазақстан халқының ұлы мұрасын бағалауға тамаша мүмкіндік береді деп текке айтылмаған. Бұл — бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен достықтың мерекесі.

Балалар үйінде де әр жанұяда мерекеге орай сурет конкурстары өткізілді. Төменгі сынып оқушыларымен «Біз Наурыз туралы не білеміз?» атты викторина өткізілді. Балалар сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешіп, наурыз көженің құрамына кіретін тағамдарды атады. Орта буын оқушыларына мәнерлеп оқу конкурсы ұйымдастырылып, мультфильмдер көрсетілді.

Жыл сайын біздің тәрбиеленушілер демеушілерге арнап концерттік бағдарлама дайындайды. Осындай сәттер үлкендердің де, балалардың да көңілінен шығып жатады. Концерттік бағдарламамен «Диқаншы» фирмасына «Қиялшылдар» жанұясының балалары тәрбиешілерімен барған болатын.

24 наурызда кітапханада жоғары сынып оқушылары үшін Бақыт күніне арналған «Бақыт — ол...» атты сурет конкурсы өткізілді. Балалар өздерінің ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретпен жеткізе білді. Барлық қатысушылар тәттілермен, сыйлықтармен марапатталды.

26 наурыздан 30 наурыз аралығында біздің спортшылар Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз, Ақмола облысы Есіл балалар үйінің директоры Господарь Анатолий Юрьевичті еске алуға арналған баскетболдан
Х турнирге қатысты. Турнирге төрт облыстан 8 ұлдар командасы, 3 қыздар командасы қатысты. СҚО командасын біздің балалар үйінің тәрбиеленушілері құрайды. Тартысты ойында біздің тәрбиеленушілер, яғни ұлдар командасы 1 орынға ие болса, қыздар командасы 2 орынды иеленді.

«Ең үздік ойыншы» Ванкович Алексей, ал «Ең үздік шабуылшы» Киселёва Екатерина атанды. Ұлдар командасы жаттықтырушылары Рогозина Наталья Владимировнаның арқасында Республикада өздеріне тең келетін команданың жоқ екенін дәлелдеді. Командаларға велотренажёр және секіруге арналған тренажёр сыйға тартылды. Балалар жақсы көңіл-күймен «Жылы үйлеріне» оралды.

30 наурызда «Бақыт балалардың ойымен» кітапханалық сағат өткізілді. Балалар бақытты болу үшін, біреуге бақыт сыйлау үшін не істеу қажет деген сауалдарға өлең жолдарымен, әнмен жауап беріп, өздерінің жүректерінен шыққан туындыларын оқыды.

30 наурыз күні тәрбиеленушілер «Один плюс один» IV музыкалық конкурсқа барып, жақсы әсер алды.

31 наурыз күні ай сайын шығатын «Жылы үйіміз» атты журналымыздың мүшелерімен кездесу өтті.

Балалар Петропавл қаласының мәдени орталығына, боулингке, кинотеатрға, циркке, «Нептун» Аквапаркіне барды.

31 наурыз күні III тоқсанның қорытындысы, оқушылардың тәртіптері бойынша тәрбиеленушілер жиналысы өтті. Жеңімпаздар: 7 сынып және «Ақылдылар» жанұясы атанды.

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ көктемгі демалысты өткізу туралы ақпарат

Демалыс кезінде балалар әртүрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға қатысты. Тәрбиеленушілеріміз демалыстан алған жақсы көңіл-күймен келесі тоқсанда жақсы білімдерін көрсетеді деп ойлаймыз.