Воспитательная работа  Спортивные достижения  Новости

«Петропавл қаласының балалар үйі» КММ Наурыз мейрамын өткізу туралы

 

Наурыз мейрамын өткізу туралы ұжыммен ақылдасып жоспар құрылған болатын. Жоспар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

• Кітапханада «Көктем және жаңару мерекесі» атты көрме ұйымдастырылды.
• «Наурыз — қайырымдылық пен бейбітшілік мерекесі» тақырыбында эссе байқауы өтті.
• Облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасынан қызметкерлер шақырылып «Ұлыстың Ұлы күні» атты кітапханалық сағат өткізілді.
• № 6 мектептің оқушылары шақырылып «Қош келдің, Наурыз!» атты Жақсылық пен Қуаныш Шеңбері өткізілді.
• Жанұяларда мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
• Театр күні

Наурыз Наурыз Наурыз

Отанның патриоттарын тәрбиелеуге қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Көктем мерекесі» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.

Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз мейрамын ерекше атап өту дәстүрге айналған. Балалар үйінде «Наурыз мерекесі» қызықты, өзгеше өтеді.

Мерекенің алдында Балалар үйінің ауласы әсем безендірілді. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы — Наурыз көже дайындалды. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз көженің дәмін барлық балалар, қонақтар, үлкендер татып көрді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ басым болады, өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Асхана қызметкерлері ыстық бауырсақ дайындады.
Мереке акт залында қазақ драма театрының әртістерінің мерекелік қойылымымен басталды. Барлық мерекеге қатысушыларды балалар үйінің директоры Какпенов Ризабек Жазитұлы құттықтады.

Наурыз — Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін! — деді.

Наурыз Наурыз Наурыз

Осы мерекеде балалар үйінің үздік қызметкерлері Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, ал тәрбиеленушілер эссе байқауы мен спорттағы жетістіктері үшін грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.
мерекеге жанұя демеушілері мен қамқоршылары келді. Өздерінің шығармашылық өнерлерімен «Нотки» тобы, «Новое поколение» би тобы, әнші Жакупов Димаш, қазақ театрының әртістері Айбол Қасым, Нұрбол Асқаров және «Экспромт» халық биі тобы көрермендерді таң қалдырды. Тәрбиешілер Қазақстанда 130 —астам ұлт өкілдері тату-тәтті, олардың бір-бірімен бірлікте, келісімде өмір сүріп жатқандығы туралы айтып өтті.

Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз

Мерекенің соңында «Менің Қазақстаным!» әні жоғары вокалдық топтың орындауында көрермендердің жүрегінен орын алды. Мынадай тілектермен шашу шашылды:

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
Қош келдің, Наурыз!»

Мерекенің екінші бөлімі балалар үйінің аулсында өткізілді. Бұл мерекеде арқан тарту, гір көтеру, армреслинг сияқты ұлттық ойындар ойнатылды, адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып, төс қағыстырды.
«Қара жорға» биіне флеш—моб ұйымдастырылды.

«Көктем жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, балалар үйінің қызметкерлері өздерінің әзірлеп әкелген тағамдарын үстелге жайғастырды. Үлкендер ыстық бауырсақпен балаларға, қонақтарға шай үлестірді.

Мереке жанұялардағы мерекелік дастарханмен жалғасты. Дастархан басында балалар мен үлкендер бірі-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз